
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының барысына арналған кеңейтілген кеңес өткізді.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – Президенттің тапсырмасына сәйкес жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай облысында "Таза Қазақстан” бағдарламасы жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр.
Бағдарлама аясында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде:
«Таза Қазақстан» — бұл жай науқан емес, бұл мәдениет. Бұл – әр азаматтың санасында қалыптасатын жауапкершілік. Баладан бастап кәсіпкерге дейін», – деп қорытындылады облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Инфографикада қол жеткізілген нәтижелер мен негізгі көрсеткіштер көрсетілген.
Қоғамдык белсенділік пен азаматтық жауапкершілік - табысты іске асырудың кепілі.