
Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық турын өткізу туралы хабарлайды. Аудандық конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қажетті құжаттармен қоса нысан бойынша 2025 жылғы 15 мамырға дейін беріледі. Сондай – ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларда отбасы, әулет тарихын (отбасы тарихы: визит карточкасы немесе тұсаукесер, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер, балалар мен немерелердің жетістіктері, отбасы таланттары, отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт), ата-аналардың жетістіктері үлгі ретінде) жариялау. Округ тұрғындарын қатысуға шақырамыз!
Барлық сұрақтар бойынша «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, Красноармейская көшесі, 53 үй (ауыл әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша, e-mail:politika.fd@gmail.com, whatsapp 87774066032 хабарласуға болады.