«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында «Бек +» ЖШС сүт-тауар фермасы мен кеңсенің іргелес аумағынан қар шығарды. Округ әкімдігі мен тұрғындар кентішілік жолдардың бойында және жеке аулаларға іргелес жатқан аумақтарда орналасқан су өткізу құбырларын тазартуды жүргізді.