«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталды. Акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. 13 сәуірге дейін созылған бірінші аптаның атауы «Таза өлке» болды: осы «жеті күн» ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғамдық қызметкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартып отырды. 20 сәуірге дейінгі апта «Киелі мекен» деп аталады және тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. 27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбында ағаш көшеттері отырғызылып, ағаштар әктеледі. 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинауға және абаттандыруға арналады. Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» атауымен су қоймалары - өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.Барлық округ тұрғындарын экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырамыз!