
Жақында өткен қарлы боран қарсаңында «Бек+» ЖШС күшімен ауыл ішіндегі жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Мамандар учаскелерге жедел шығып, жолдың жүру бөлігін сапалы түрде тазалады.
Қазіргі уақытта көшелердегі қозғалыс қамтамасыз етілген, жол жағдайы көлік қатынасы үшін қауіпсіз әрі қолайлы.
«Бек+» ЖШС ұжымына адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғысымызды білдіреміз.