Халықпен кездесу

Халықпен кездесу
2025 жылғы 23 желтоқсанда Камышин ауылдық округінің әкімі Б. Ж. Бексултановтың Чистый Чандак ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында округ дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айтылды, ағымдағы жылдың қорытындылары шығарылды, сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен басым бағыттары ұсынылды.
Кездесуге Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев қатысып, тұрғындарды ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, іске асырылып жатқан жобалар және одан әрі даму перспективалары туралы хабардар етті. Іс-шара соңында ол ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, оларды толғандыратын тақырыптар бойынша түсініктеме берді.