Таза жағалау

Таза жағалау

Камышин ауылдық округінде "Таза жағалау" экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға Федоров ауданының әкімі, Камышин мектебінің және ауыл әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Акцияға қатысушылар пластикалық бөтелкелерді, сөмкелерді және басқа да қалдықтарды жинау арқылы жағалау аймағын қоқыстардан тазартты. Бірлескен күш-жігердің арқасында аумақ таза әрі тартымды болды. Іс-шараның мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және табиғаттың ластану проблемаларына назар аудару болды.