Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылады

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылады

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы    15 сәуірдегі № 88-V ҚР Заңына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) 2025 жылғы 18 сәуірде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылады.

Аталған іс-шараға Басқарманың көші-қон және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы және мамандары, Қостанай қаласы жұмыспен қамту бөлімінің сектор басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Қостанай қ. №1 және №2 бөлімдерінің, Рудный қаласының, Қостанай ауданының мамандары, «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» КММ ақпаратты жинақтау және талдау бөлімінің басшысы, «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Рудный қаласының Мансап орталығы», «Қостанай ауданының Мансап орталығы», «Қостанай қаласының Мансап орталығы» филиалдарының мамандары қатысты.