Ағымдағы жылғы 13 тамызда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының базасында Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі А.Ж. Дабыловтың төрағалығымен ЖСҚ әзірлеуші - «Севгражданпроект» ЖШС шақыра отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және құрылыс басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуде Қостанайдағы Мемлекет басшысының бұрыңғы резиденциясының 5 және 6-корпусын қайта жаңарту жоспарлары талқыланды.