арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобы

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобы

Қостанай облысы әкімі орынбасарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті кеңесшісінің төрағалығымен өткізілетін кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмысын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі, облыстық денсаулық сақтау, білім, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері енгізілді.

Бару кестесіне сәйкес, 6,11 және 13 наурызда жұмыс тобы «Қостанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету оратлығы» КММ, «Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «№3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ барды.

Мониторинг барысында Орталықтардың бөлмежайлары тексерілді, көрсетілетін қызметті алушылармен әңгімелесу өткізіліп, көрсетілетін қызметті алушылардың жеке істері зерделенді.