«Адам саудасын болдырмау, мемлекеттік стандарттар аясында адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қайта жіберудің жергілікті тетігін пысықтау» атты семинар

«Адам саудасын болдырмау, мемлекеттік стандарттар аясында адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қайта жіберудің жергілікті тетігін пысықтау» атты семинар

Қостанай қаласында халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарға арналған «Адам саудасын болдырмау, мемлекеттік стандарттар аясында адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қайта жіберудің жергілікті тетігін пысықтау» атты семинар  өтті. Семинарды  «Дамыту» қоғамдық қоры өткізді. Оның барысында адам саудасына қатысты проблемалар қаралды. Қатысушылар адам саудасы құрбандарының кейстерін қарап, социумға толық оралу үшін қажетті салдарлар мен шараларды талқылады. Қатысушылар қазіргі заманғы адам саудасының себептері, қанаудың түрлері, тарту әдістері және олардың салдары туралы білді,  сондай-ақ адам саудасының құрбандарымен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары ұсынылды.

Жаттықтырушы Қостанай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөнінде ақпарат берді.

Семинарда қатысушылар Қостанай облысында адам саудасының құрбандарын айқындау және қайта жіберу тетіктерін талқылады. Қостанай облысында адам саудасының құрбандарын қорғау және көмек көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде өзара іс-қимыл жолдарын анықтады.  Адам саудасының алдын алу және көмек көрсету мен қорғаудағы мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен қызметі мәселелеріне ерекше назар аударылды.