Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің арнайы жұмыс орындарын құрумен байланысты шығындарын субсидиялау бойынша жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы                       28 тамыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

        Мүгедектерді арнайы жұмыс орындарына орналастыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыруды тиісті өңірдің мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне ақпарат жолдау арқылы ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы;  мүгедектің өзі жүгінген кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

        Халықты жұмыспен қамту орталықтары интернет-ресурстарға және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы жыл сайын 1 қазанға дейін арнайы жұмыс орындарын субсидиялау туралы жұмыс берушілерге ақпарат береді.

        Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру лимиті негізінде жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға                                  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден немесе Еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

        Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге:

        1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;

        2) банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама қоса беріледі.

        2018 жылдан бастап облыста мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін сомасы 19,6 млн. теңгеге 17  жұмыс орны жабдықталып, 17 мүгедек жұмысқа орналастырылды.