«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы орынбасарының қатысуымен брифинг өтті.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы орынбасарының қатысуымен брифинг өтті.

Бүгін Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Устинов М.Н. қатысуымен брифинг өтті.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлеміне 2022 жылы облыстың аудандары мен қалаларының бюджеттерінде 2 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылды. Ағымдағы жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша АӘК                            450 млн. теңгеден астам сомасында 3 мыңнам астам отбасына тағайындалды. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 3 353 балаға тағайындалды.

Бұдан басқа, облыста жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мүгедектерге жедел емделуге әлеуметтік көмек,   9 мамыр мерекелік күнге ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне біржолғы көмек,                                      ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы көмек, мүгедектерге және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға ЖОО және ООО оқу ақысын төлеу, туберкулезбен ауыратын адамдарға біржолғы көмек, АИТВ жұқпасы бар балаларға ай сайынғы көмек көрсетіледі. Осы көмекті көрсетуге 2022 жылы 1 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылды. Көмек шамамен 200 млн. теңгеге 6 мың адамға көрсетілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тұрақты тіркелген және тұрғылықты жері бойынша тұратын, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстары жол берілетін шығындардың үлесінен асатын адамдарға тұрғын үй көмегін көрсетеді. Бұл көмектің төлеміне облыстың аудандары мен қалаларының бюджеттерінде 2022 жылға 125 млн. теңгеден астам қаражат көзделген. Қазіргі таңда көмек 25 млн теңгеден астам сомасында шамамен 2 мың өтініш берушіге көрсетілді.

 

«Бақытты отбасы» жобасы аясында облыста 2 мыңнан астам отбасы үйлерді аралаумен қамтылған.