«Кедергісіз келешек» партиялық жобаны іске асыру аясында ҮЕҰ кездесу

«Кедергісіз келешек» партиялық жобаны іске асыру аясында                                       ҮЕҰ кездесу

2022 жылғы 21 сәуірде үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу бойынша уәкілетті, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ә.Е. Мекебаева «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ көру бойынша мүгедектердің, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобаны іске асыру аясында «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің көшпелі отырысына қатысты.

Кездесу барысындаӘлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, әлеуметтік қызметтер көрсету, санаторий-курорттық емделу, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.