Мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған іс-шараларды өткізу туралы

Мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған    іс-шараларды өткізу туралы

Мүгедек адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға көмек көрсету, мүгедек адамдарды қоғамға тиімді интеграциялау, халықтың бастамаларын дамыту және іске асыру жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру және қолдау, мүгедек адамдардың проблемаларына жұртшылық пен азаматтардың назарын аудару мақсатында «Ритм» жастар қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ағымдағы жылғы тамыз-қазан аралығында мүгедек адамдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, әлеуметтік қызметкерлерге және т.б. арналған іс-шаралар өткізді. Байқау ұйымдастыру комитеті әзірлеген Ережеге сәйкес онлайн тәртібінде мынадай номинациялар бойынша өтті:

- «Самый успешный проект»;

- «Лучшая неправительственная организация»;

- «Лучший социальный работник»;

- «Прорыв»;

- «Очумелые ручки».

Байқауға 10 ұйым (200-ге жуық адам) және 36 мүгедек қатысып, облыстың 4 қаласы мен 16 ауданы қамтылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификаттар табысталды.