Облыстық үш жақты комиссияның отырысы

Облыстық үш жақты комиссияның отырысы

Бүгін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары                                       Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссияның отырысына бейнеконференцбайланыс тәртібінде қосылған өңірлік үшжақты комиссиялардың мүшелері, аудан және қала әкімдері, облыстық үшжақты комиссияның мүшелері қатысты.

Комиссияның отырысында мынадай мәселелер қаралды: облыс кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек, жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды аударуы, Қостанай облысының кәсіпорындарындағы өндірістік жараттанудың жай-күйі туралы, Мендіқара, Әулиеколь, Денисов аудандарында үшжақты комиссиялардың жұмысы.

Кеңестің қорытындылары бойынша аудан және қала әкімдеріне, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қызметкерлердің жұмыстан босатылуы, жалақы бойынша берешекті апта сайын мониторингілеу, жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды аударуы, кәсіпорындарда және ұйымдарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу және алдын-алу бойынша және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде, үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыру және т.б. туралы тапсырмалар берілді.