Облыстық үш жақты комиссияның отырысы

Облыстық үш жақты комиссияның отырысы

Бүгін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары                                       Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссияның отырысына бейнеконференцбайланыс тәртібінде қосылған өңірлік үшжақты комиссиялардың мүшелері, аудан және қала әкімдері, облыстық үшжақты комиссияның мүшелері қатысты.

Комиссияның отырысында мынадай мәселелер қаралды: облыс кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек, жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды аударуы, Қарасу, Науырзым аудандарында және Арқалық қ. үшжақты комиссиялардың жұмысы, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі қызметкерлердің облыстық бірлестігінің жүргізіп жатқан жұмысы.

Кеңестің қорытындылары бойынша аудан және қала әкімдеріне, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қызметкерлердің жұмыстан босатылуы, жалақы бойынша берешекті апта сайын мониторингілеу, жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарды аударуы, үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыру және т.б. туралы тапсырмалар берілді.