Достық фестивалі

Достық фестивалі

"Қостанай балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған "Достық фестивалі" ауқымды мерекесі өтті. Орталық тәрбиеленушілері педагогтармен бірлесіп мынадай бағдарлама ұсынды: визит карточкасы, ұлттық көркемөнерпаздар нөмірі және ұлттық тағам. Барлық топтар керемет жұмыс жасады. Келесі ұлттар ұсынылды: қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, белорустар, татарлар, өзбектер және тәжіктер. Балалар балаларға да, ересектерге де көтеріңкі көңіл-күй, күлкі мен қуаныш сияқты жағымды позитив сыйлаған мереке атмосферасын барынша сезінді.