Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды

 

Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекшінің қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық емдеуді алды және 26,4 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) алуды ресімдеді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекші қызметін, 12 мыңы – саноторлық-курорттық ем алды.

Сондай-ақ, портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды ресімдеді.

Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрде ресімделді.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1394 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), ОТҚ 764 жеткізушісі, 12 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 564 ымдау тілін, 79 санаторлық-курорттық емдеуді, 207 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізуші тіркелген.

2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондық үкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге арналған 14,8 мыңнан астам құжат Электрондық үкімет порталы арқылы ресімделді.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталына 59 208 мүгедектігі бар адам және «қамқоршы» мәртебесі бар 61 594 адам кірді.