Бүгін Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Комиссияның отырысында Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысының кәсіптік орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі арасында 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімге қол қойылды. Келісімде барлық Тараптардың экономикалық саясат, өнеркісіптік және экологиялық қауіпсіздік, еңбек нарығын және әлеуметтік әріптестікті дамыту дамыту саласындағы позициялары келісілді.
Тараптар жұмыс істейтін халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбек заңнамасын сақтау, еңбекшілерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру, халықты жұмыспен қамту іс-шараларын іске асыру мәселесінде күш біріктіруге уағдаласты.
Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік Тараптарының ұсыныстары негізінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары жасалды.