Жеке қабылдау

Жеке қабылдау

Бүгін «Нұр-Отан» партиясының облыстық филиалында Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбенова Гульнар Таубайқызы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Өтініш берушілер аудандық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай немесе заттай түрде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек көрсету ережелерінде жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеу мөлшерін, дәрі-дәрмектерге қаражаттың орнын толтыруды АӘС-ке енгізу туралы өтініш берді.
Әрқайсысына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережелеріне сәйкес түсініктемелер берілді.