Құрметті мүгедектігі бар адамдар!

Құрметті мүгедектігі бар адамдар!

2026 жылғы 24 шілде күні сағат 15.00-де Қостанай қ., Юбилейный ш/а., 56 мекенжайындағы Жастар сарайында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өткізілетін мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және еңбекке интеграциялануына жәрдемдесу, жұмыспен қамтуға, кәсіби оқытуға және қайта оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын нығайту.

Акцияға прокуратура органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары, еріктілер қатысады.

Іс-шараға қатысуға және қызықтыратын мәселелер бойынша консультация алуға шақырамыз.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жеке куәлік, ЭЦҚ кілтін өзіңізбен бірге алып келу қажет.