Күн бәріне жарқырайды

Күн бәріне жарқырайды

Күн бәріне жарқырайды

 

Ағымдағы жылғы 1 маусымда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша «РИТМ» жастар қоғамдық бірлестігі аниматорлармен «Фестивальдің ашылуы» шоу-бағдарламаны, «Мега Парк» сауықтыру ойын орталығының ашылуын қамтитын Балаларды қорғау күніне арналған                        «Күн бәріне жарқырайды» мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында Триатлон саябағының базасында «Домбырада ойнау», «Асфальтта бормен сурет салу», «Әуе шарларынан модельдеу» қызығушылықтар бойынша шеберлік сыныптары, «Көңілді старттар», спорттық жарыстар, вокалдық конкурстар өткізілді. 

Іс-шараға облыс өңірлерінен 80-нен астам бала қатысты.

Барлық қатысқан балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекелік бағдарламаны өткізу қорытындысы бойынша жарыстар мен конкурстың жеңімпаздарына жүлделер, дипломдар табысталып, концерт өткізілді.