
2026 жылғы 26 ақпанда «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында атқарушылық іс жүргізу және алименттер бойынша борышкерлер үшін облыстық «Enbek Qoldau» әлеуметтік-құқықтық акция өтті.
Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылды. Қатысушылар бір мезгілде мемлекеттік қызметтерді рәсімдеуге және жұмысқа орналасу бойынша көмек алуға мүмкіндік алды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Облыс бойынша 279 адам жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация алу үшін Еңбек мобильділігі орталығына және Мансап орталықтарына жүгінді.
Барлықтарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірме берілді.
Нәтижесінде: 35 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 9 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді,
6 адам қысқа мерзімді оқудан өтуді жоспарлап отыр.