Азаматтарды қабылдау туралы

Азаматтарды қабылдау туралы

 

 

Ағымдағы жылғы 11 ақпанда халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі Қостанай облысы бойынша уәкіл Дүйсенғали Сұлтанұлы Оспанов Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Адалдық алаңы қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді. Оған Қостанай облысы прокуратурасының өкілдері, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлері, «Ауыл» партиясының Қостанай облысы филиалының, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысты.

Азаматтарды қабылдау барысында халықтың әлеуметтік осал санаттарына тұрғын үй беру, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй, медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты мәселелер қаралды.

Қабылдау барысында түсіндірмелер берілді.

Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл                  азаматтардың жеке қабылдауын ай сайын, әр айдың екінші сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай қ., Қасымханов көш., 34 мекенжайындағы Адалдық алаңы қоғамдық қабылдауында (Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ғимараты) өткізеді, тел. 87013088676, 87142-501-314.