Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

09 ақпан т.ж. облыс әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Абенова Г.Т.-ның төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Отырыста еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (енгізуден бас тарту) бойынша ұсынымдар әзірлеу, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу, 2025 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасын іске асырудың қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер, 2026 жылға арналған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырыстарының жоспарын бекіту, 2026 жылға арналған халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жоспарлы көрсеткіштерді бекіту, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ 2026 жылға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын белгілеу мәселелері қаралды.

Медициналық, экономикалық, техникалық, педагогикалық және басқа да білім беру салалары бойынша білімі бар азаматтар жүгінді.