Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы

Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы

2026 жылғы 30 қаңтарда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г.Ғ. Мұсағазинаның төрайымдылығымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған Кеңес мүшелері, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшылары, әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдерінің кеңесшілері, қала және аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, облыстың медициналық ұйымдарының ДКК басшылығы және төрағалары қатысты.  

Кездесуде Қостанай облысында негізгі мүгедектік аурулары бойынша мүгедектіктің күйі, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберуді азайту шаралары, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды.

Кездесу барысында мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.