
Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ және «Мүгедектердің Қостанай қалалық ерікті қоғамы» ҚБ мүгедектігі бар адамдармен кездесу өтті. Кездесуге Қостанай облысы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Мұрзабекова Л.Г., Қостанай қаласы прокуратурасының аға прокуроры Теңізбаев Д.Н., Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты.
Өткізілген кездесулер барысында «Smart Qostanai» мобильді қосымшасында мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өміріне қатысты кез келген салаларды қамтитын мүгедектігі бар адамдарға арналған «LifeHelper – Өміr көмекшісі мобильді сервисінің жұмысы, мүгедектігі бар адамдардың және олардың ата-аналарының өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық, әлеуметтік, ақпараттық көмек көрсету мәселелері қаралып, сондай-ақ телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты түсіндірмелер берілді