«Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Қостанай облысының делегациясы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының қорытындысын шығару жөніндегі іс-шараға қатысты.

Мемлекеттік награда - III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттау аясында Қостанай облысының өкілі «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясының жеңімпазы, ҚЖЭК МКК электр монтері Ришат Изахович Фасхутдинов марапатталды.

Оның көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі еңбек адамының маңыздылығын айқын көрсетеді және таңдалған мамандыққа жауапкершіліктің, шеберліктің және адалдықтың үлгісі болып табылады.