
Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі Қостанай облысы бойынша уәкілі Дүйсенғали Сұлтанұлы Оспанов Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Адалдық алаңы қоғамдық қабылдауында жеке мәселелер бойынша азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді. Оған «Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшысы, Денсаулық сақтау, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысты.
Азаматтарды қабылдау барысында халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарына тұрғын үй беру, МӘМС аясында медициналық препараттармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, мүгедектігі бар адамдарға дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығыстарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері қаралды.
Қабылдау барысында түсіндірмелер берілді.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл ай сайын, айдың әр екінші сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай қ., Қасымханов көш., 34 мекенжайы бойынша («Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ғимараты) Адалдық алаңы қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді,
тел.: 8 7013088676, 8 7142-501-314