«Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

2025 жылғы 5 желтоқсанда Астана қ. «ЕХРО» Конгресс-орталығында «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс жыл сайын өткізіледі және әлеуметтік жауапты бизнесті ынталандыруға, еңбек жағдайларын жақсартатын бастамаларды дамытуға және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік                      кәсіпорындар қатысты.

Конкурстық комиссияның өтінімдерді қарау және бағалау қорытындысы бойынша директор Р.Г. Ахметовтың басшылығымен «МехЛитКом» ЖШС орта бизнес субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Бұл наградаға ие болу - кәсіпорынның жоғары әлеуметтік жауапкершілігін, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудегі тиімді жұмысын және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін мойындау.

Жеңімпазды құттықтаймыз және кәсіби жетістіктер тілейміз!