
А.ж. 1 желтоқсанда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Т. Әбенованың төрағалық етуімен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Әбенова Гүлнәр Таубайқызы ZOOM режимінде жұмыс күші артық облыстардан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.