Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы

А.ж. 25 қарашада облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Т. Әбенованың төрағалық етуімен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

  1. Жұмыс күші артық облыстардан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлеу туралы;
  2. қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу туралы.

Педагогикалық және басқа да білімі бар азаматтар жүгінді.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Әбенова Гүлнәр Таубайқызы ZOOM режимінде жұмыс күші артық облыстардан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.