Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл 

Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл 

Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі болып Дүйсенғали Сұлтанұлы Оспанов тағайындалды.

Оспанов Дүйсенғали Сұлтанұлы – «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппараты функциясы бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Қостанай облысының параолимпиадалық спорт түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, Мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға интеграциялау мәселелері жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кеңестің мүшесі.

2022 жылы «Шапағат» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 («Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ғимараты) мекенжайы бойынша Адалдық аланы қоғамдық қабылдау бөлмесінде ай сайын, айдың әр екінші сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. тел. 87013088676, 87142-501-314