А.ж. 10 қазанда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Т. Әбенованың төрайымдығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, онда жұмыс күші артық облыстардан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлеу қаралды.
Медициналық, педагогикалық және басқа да білімі бар азаматтар жүгінді.
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Әбенова Гүлнәр Таубайқызы ZOOM режимінде жұмыс күші артық облыстардан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.