Жұмыс  берушілерге  ақпарат!

Жұмыс  берушілерге  ақпарат!

Жұмыс  берушілерге  ақпарат!

 

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (әрі қарай - Басқарма) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет  migration.enbek.kz порталы немесе www.egov.kz, www.elicense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталында толық іске асырылған және электрондық форматта көрсетіледі. 

Келесі жылы шетелдiк жұмыс күшiн тартуды жоспарлап отырған жұмысберушілер ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін Қостанай қаласы, Қасымхановкөшесі, 34 (211-кабинет) мекенжайында орналасқан Басқармасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес өтінім-негіздемені ұсынуы керек.

Өтінім-негіздемеге 2011жылғы 27 маусымдағы № 442-IV ҚРЗ  Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік қызметкерлер қосылмасын.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаталу мәселелері жөніндегі ақпарат Басқармасының ресми сайтында орналастырылған Негізгі құжаттар – мемлекеттік қызметтер бөлімі, (https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/documents/1?activities=37952&lang=ru).

Анықтама 8 (714 2) 501432 телефоны бойынша.

«Қостанай облысы әкімдігіні ңжұмыспе нқамтуды үйлестіру                     жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ