Қала және аудан әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен кеңес

Қала және аудан әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен кеңес



Ағымдағы жылғы 22 тамызда Басқарма басшысының орынбасары Ә.Е. Мекебаеваның төрайымдылығымен облыстың қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен семинар-кеңес өтті.
Кездесу барысында өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда:
* Объектілерді бейімдеу;
* Мүгедектігі бар адамдардың жеке бағдарламаларын орындау;
* Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін есептеу;
* 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру;
* Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қызметкерлерін аттестаттау;
* FSM Social цифрлық платформасындағы, сондай-ақ «Life Helper-Өмір Көмекшісі» мобильді қосымшасындағы жұмысты түсіндіру.
Кеңес сындарлы атмосферада өтті және өңірдегі әлеуметтік саясатты жақсарту жөнінде одан әрі қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.