Мүгедектігі бар адамдармен кездесу

Мүгедектігі бар адамдармен кездесу

Ағымдағы жылғы 15 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүгедектігі бар адамдармен кездесу өтті. Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы прокуратурасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері, Қостанай облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің, Қостанай қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары және жауапты қызметкерлері, Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесуде қолданыстағы заңнама аясында мүгедектігі бар адамдарға қызметтер көрсету (жеке көмекшінің, санаторий-курорттық емдеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында инватакси қызметтері) мәселелері қаралды.