Өңірдің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен кеңес

Өңірдің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен кеңес

 

Мекебаева А.Е. жетекшілік ететін басқарманың ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта облыс қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру шараларын іске асыру;

- халықтың осал топтарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау тиімділігін арттыру.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды сүйемелдеу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған азаматтар бойынша деректерді FSM Social мобильді қосымшасына уақтылы енгізудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл әрбір жағдайды жеке бақылауға алып, көрсетілетін қолдаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.