«Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ қызметінің мониторингі

«Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ қызметінің мониторингі

2025 жылғы 2 шілдеде Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін мониторингілеу аясында Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ бару ұйымдастырылды.

Мониторингтік топтың құрамында: Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі А.Ж. Дабылов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі М.С. Шәкірбаев, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.

Орталыққа бару кезінде мониторингтік топ мүшелері көрсетілетін қызметті алушылардың тұру және оңалту жағдайларымен танысып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының сақталуын талдады.