Ағымдағы жылғы 23-26 маусым аралығында облыста Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ базасында «Кешенді сипаттағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру жөнінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандарын оқыту» оқыту семинары өтті.
Оқыту барысында Алматы қ. «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығының мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің сарапшылары Орталықтың қызметкерлерімен оқыту сабақтарын, тренингтер өткізді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Бұл семинар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Зәкиеваның бастамасы бойынша жыл сайын өткізіледі.