«Аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ қызметінің мониторингі

«Аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ қызметінің мониторингі

2025 жылғы 24 маусымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін мониторингілеу аясында Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аутизмі және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» КММ барды.

Мониторинг тобының құрамында: Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі Дабылов А.Ж., Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі Шәкірбаев М.С., сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары. 

Бару барысында мониторинг тобының мүшелері балалардың болу жағдайларымен, түзетуді сүйемелдеу бағдарламаларымен, мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен және қызметкерлер құрамының біліктілігімен танысты.