Медицина қызметкері күнімен!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жұмысыңыз мейірімділікті, шыдамдылықты, рухтың жомарттығын және жоғары кәсібилікті талап етеді.
Сіздер тек емделуге ғана емес, сонымен қатар өмірдің қиын жағдайына тап болғандарды қолдауға, сүйемелдеуге, оларға бағыт беруге көмектесесіздер.
Адалдықтарыңыз, әрбір қызмет алушыға деген ілтипатты көзқарасыңыз және қиын жұмысты атқарып жүрген жүректеріңіздің жылуы үшін рақмет!
Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпей, қызмет алушылардың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер!
Сіздерге зор денсаулық, жан тыныштығын, жақындарыңыздың қолдауын және жаңа кәсіби табыстар тілейміз!
Құрметпен және ризашылықпен, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.