Халықты әлеуметтік қолдауды цифрландыру     жөніндегі оқыту семинары

Халықты әлеуметтік қолдауды цифрландыру     жөніндегі оқыту семинары

Халықты әлеуметтік қолдауды цифрландыру     жөніндегі оқыту семинары

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары         Е.Б. Көшербаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, халықты әлеуметтік қолдау жүйесінің бизнес-процестерін цифрландыру жөніндегі іс-шаралар аясында Қостанай облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы»  КММ (Астана қ.), сондай-ақ IS «Socium» және FSM Social ақпараттық жүйелері өкілдерінің қатысуымен жобалық топ болды.

Сапардың мақсаты - Socium және FSM Social ақпараттық жүйелері базасында әлеуметтік қолдаудың Бірыңғай цифрлық платформасын енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізу.

Семинар ағымдағы жылғы 12-13 маусымда «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ базасында өткізіліп, аудан және қала әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларын, Отбасын қолдау орталықтарының мамандарын, Полиция департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесінің, сондай-ақ өңірлердің мобильді топтарының өкілдерін біріктірді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Цифрлық платформаның құрылымы және функционалы ұсынылып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері көрсетілді. Сондай-ақ ведомстволық деректерді интеграциялау арқылы осал жағдайда азаматтарды сүйемелдеудің практикалық аспектілері қаралды. Әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру және оны көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.   

«Socium» және FSM Social АЖ базасында Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу әлуеметтік қолдау шараларын ұсынудың атаулылығын, жеделдігін және ашықтығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.