Әлеуметтік қызметкерлердің аттестациясы

Әлеуметтік қызметкерлердің аттестациясы

2025 жылғы 11 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында біліктілік санатын беру рәсімінен өткен әлеуметтік қызметкерлердің аттестациясы өтті.

Аттестацияға өңірдегі түрлі ұйымдардан 28 әлеуметтік қызметкер қатысты. Іс-шараның мақсаты – мамандардың кәсіби білімін, дағдылары мен құзыреттіліктерін объективті түрде бағалау, сондай-ақ олардың әрі қарайғы кәсіби өсуін ынталандыру.

Комиссия құрамында Басқарма өкілдері, тәжірибелі мамандар және тәуелсіз сарапшылар болды. Олар қатысушылардың біліктілік деңгейін, практикалық тәжірибесін, нормативтік-құқықтық базаны білуін және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи жұмыс әдістерін қолдануын бағалады.

Аттестация іскер және сындарлы жағдайда өтті, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін және өз ісіне адалдығын көрсетті.