Ардагерлерді санаторий-курорттық емдеу

Ардагерлерді санаторий-курорттық емдеу

 

«Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 шешіміне сәйкес ардагерлер және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар (бұдан әрі – ардагерлер және басқа да адамдар) облыстық бюджетте көзделген сома шегінде санаторий-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жоғарыда аталған адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жөнінде қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады.

Биыл санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсетуге мемлекеттік сатып алу шарты «Ақ-Қайың» медициналық-сауықтыру кешені» ЖШС (Алматы қ.) жасалды.

Шипажайға келу кестеге сәйкес жүзеге асырылады (санаторий-курорттық емделу ұзақтығы – 14 күн).

Ардагерлердің бірінші келуі ағымдағы жылғы 2 маусымда жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, облыстың барлық өңірлерінде шығындарды өтеу арқылы ардагерлерді санаторий-курорттық емдеумен баламалы қамтамасыз ету қарастырылған. Оған сәйкес ардагерлер Қазақстан Республикасының    кез келген шипажайында санаторий-курорттық емдеуден өте алады.