
Күн бәріне жарқырайды
Ағымдағы жылғы 1 маусымда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша «Ритм» жастар қоғамдық бірлестігі Балаларды қорғау күніне арналған «Күн бәріне жарқырайды» мерекелік іс-шара өткізді. Ол іс-шараға мыналар кірді: аниматорлармен «Фестивальдің ашылуы» шоу-бағдарлама, «Yaya park» ойын-сауық орталығына бару.
«Золотой фазан» қонақ үй-сауық кешені базасында іс-шара аясында «Домбырада ойнау», «Бейнелеу өнері», «Әуе шарларынан модельдеу» қызығушылықтары бойынша мастер-класстар өткізілді. «Көңілді старттар» алаңы жұмыс істеді, ән және би байқаулары, суреттер мен қолдаңбалы шығармашылық көрмесі өткізілді.
Іс-шараға облыс өңірлерінен 80-нен астам бала қатысты.
Барлық қатысушы балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік бағдарламаның қорытындысы бойынша балалардың қатысуымен гала-концерт өткізіліп, сурет және қолдаңбалы шығармашылық көрмесіне қатысушылар марапатталды.