Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңес
Ағымдағы жылғы 29 мамырда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.Т. Әбенованың төрайымдылығымен ZOOM тәртібінде террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорларымен кеңес өтті.
Кеңес барысында әлеуметтік сала мекемелерінде терроризмге қарсы қорғау шараларын күшейтуге байланысты өзекті мәселелер қаралды. Құзыретті органдармен өзара іс-қимыл және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, өрт қауіпі бар кезеңі басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударылды. Мекемелердің өртке қарсы жағдайын бақылауды күшейту, құлақтандыру және эвакуациялау жүйелерін тексеру, сондай-ақ өрт туындаған кезде персоналдың іс-әрекетке дайындығы жөніндегі шаралар талқыланды.