2025 жылғы 29 мамырда Қостанай облысы Әділет департаментінің ғимаратында Қостанай облысы Әділет департаментінің, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, Қостанай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар алименттік міндеттемелер жөніндегі атқарушылық іс жүргізу барысына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ балалардың алимент алу құқығын қамтамасыз етудегі жеке сот орындаушыларының рөліне ерекше назар аударылды.
Осындай кеңестерді өткізу кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.