Арқалық қаласының аэродромы 1992 жылдан бастап пайдаланылмайды. Қазіргі уақытта оның базасында тек эпизодтық санитарлық ұшулар жүзеге асырылады. Әуежайдың инфрақұрылымы толығымен жоғалды: аэровокзал кешені қирады, инженерлік коммуникациялар жоқ. Ұзындығы 2 500 метр (ені 45 метр) ұшу-қону жолағы (ҰҚЖ) қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Әуежайдың қызметін қалпына келтіру мақсатында облыс әкімдігі жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге шарттар жасасты:
әуежайдың жаңа терминалын салу бойынша (әзірлеуші-"Строн-Холдинг" ЖШС, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу — ағымдағы жылдың 15 маусымы),
ҰҚЖ, рулеждік жолы мен перронды қайта жаңарту бойынша (әзірлеуші - "Enki Engineering" ЖШС, оң қорытынды 15 маусымда алынады).
Аталған жобалардың болжамды құны 9,6 млрд. теңгені құрайды (оның ішінде: терминал және ілеспе инфрақұрылым құрылысы — 4,8 млрд.теңге, ҰҚЖ қайта құру — 4,8 млрд. теңге).
Жоба шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделген:
жаңа терминалды салу,
арнайы техникаға арналған гараж салу,
авариялық-құтқару станциясының, қазандықтың және өткізу пунктінің құрылысы,
ұшу-қону жолағын қайта құру (оның ішінде 7 см жабынды фрезерлеу және қалыңдығы 10 см тегістеу қабатын салу).
Жобаны іске асыру болашақта маршруттар бойынша тұрақты авиарейстер ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
"Қостанай – Арқалық – Қостанай",
"Астана – Арқалық – Астана",
"Алматы – Арқалық – Алматы".
Сонымен қатар, әуежайды қалпына келтіру аймақтың қауіпсіздігі мен логистикалық қол жетімділігі тұрғысынан стратегиялық маңызы бар. Жұмыс істеп тұрған әуежай эвакуациялық іс-шаралар, гуманитарлық көмек жеткізу және төтенше жағдайлар кезінде басқа да міндеттер үшін пайдаланылуы мүмкін.